01
октябрь
2025
Қарттарымыз – өткеннің аманаты, бүгінің берекесі!
Қарттарымыз – өткеннің аманаты, бүгінің берекесі!
1 қазан – Қарттар күніне орай Мәншүк Маметова атындағы негізгі мектебінің тәлімгері Шаяхметова Камшат пен “Жас Ұлан” ұйым мүшелері ауылымыздағы асыл қазына – ақ жаулықты әжелерімізге арнайы барып, мерекелік лебіздерін білдіріп, ақ баталарын алды.

Ұрпақтың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі — мәңгілік тәрбие.
Ізгі ниет пен жылы лебізге толы сәттер қариямыздың жүзінен қуаныш пен риясыз ризашылықты байқатты.
Қариясы бар ел — қазыналы ел.
Қарттарымыз аман, көңілдері шат болсын!
