21
ноябрь
2025
“Жас Ұлан” ұйымына қабылдау
1990 жылыдың 25 – қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халақтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлтық мереке, Республика күні.
Мәншүк Маметова атындағы негізгі мектебінде 25 қазан Республика күніне орай 2 сынып оқушылары “Жас Ұлан” ұйымына қабылданып,ұйымның сертификаттарымен марапатталды.

“Жас Ұланның”мақсаты:
-өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Жасұлан – жігерлі де жайдарлы ұйым
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан - жылға
Жасұлан – жалынды ұйым, айбарлы ұйым.