Тақырыбы: Балаңызды тұмаудан сақтаңыз*
Тақырыбы: "Балаңызды тұмаудан сақтаңыз" Тұмау – күз және қыс мезгілдерінде жиі кездесетін, ауа арқылы тез таралатын, жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайтын вирустық жұқпалы ауру. Әсіресе балабақша жасындағы балалар арасында тұмаудың таралуы өте жылдам, себебі олардың иммунитеті ересектерге қарағанда әлсіз болады. Осыған байланысты балаларды тұмаудан қорғау – тәрбиеші де, ата-ана да ерекше назар аударуы қажет маңызды мәселе.