Тақырыбы: Балаңызды тұмаудан сақтаңыз* » ош. им. Маншук Маметова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Мәншүк Маметова атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 0000000
Aдмин:
+7(747) 6187056
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
октябрь
2025

Тақырыбы: Балаңызды тұмаудан сақтаңыз*

Тақырыбы: "Балаңызды тұмаудан сақтаңыз"

        Тұмау – күз және қыс мезгілдерінде жиі кездесетін, ауа арқылы тез таралатын, жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайтын вирустық жұқпалы ауру. Әсіресе балабақша жасындағы балалар арасында тұмаудың таралуы өте жылдам, себебі олардың иммунитеті ересектерге қарағанда әлсіз болады. Осыған байланысты балаларды тұмаудан қорғау – тәрбиеші де, ата-ана да ерекше назар аударуы қажет маңызды мәселе.

  1. Тұмаудың қалай таралатынын білу – алдын алудың негізгі жолы

Тұмау қоздырғышы – вирус. Ол мына жолдар арқылы таралады:

  1. Ауа-тамшы арқылы

Жөтелгенде, түшкіргенде, қатты сөйлегенде ауаға бөлінген вирустар басқа балаға жұғады.

Жабық, желдетілмеген бөлмеде вирус ұзақ уақыт сақталып, тез тарайды.


                                      

  1. Тікелей байланыс арқылы

1.4Ауырып жүрген баланың ойыншығын, қолын ұстаса, вирус оңай жұғады.

Топ ішіндегі ортақ заттар, есік тұтқалары, үстел беттері арқылы да берілетін жағдайлар жиі кездеседі.

1.3 Гигиенаның сақталмауы:

Қолдың лас болуы, мұрыннан аққан сұйықтықты дұрыс сүртпеу, жеке сүлгілердің болмауы – инфекцияның негізгі себебі.

  1. Тұмаудың балалардағы негізгі белгілері

Балабақшадағы тәрбиеші мен ата-ана мына белгілерді байқаса, дереу шара қолдануы қажет:

Дене қызуының 37,5°–39°С дейін көтерілуі

Мұрны бітелу, су ағу

Жөтел, тамақ ауруы

Әлсіздік,шаршағыштық ,Басауруы,Тәбеттің төмендеуі

Ұйқышылдық

Бұл белгілер байқалғанда баланы балабақшаға әкелмеу ұсынылады, себебі вирус басқа балаларға тез тарайды.

  1. Тұмаудың асқынулары.Егер дер кезінде емделмесе:

Құлақ қабынуы (отит),

Өкпе қабынуы (пневмония),БронхитСозылмалы аурулардың күшеюі мүмкін.

Сондықтан тұмаудың алдын алу – баланың денсаулығын қорғаудың ең тиімді жолы.

  1. Тұмаудың алдын алу шаралары
    1. Дұрыс гигиена
    2. Баланың қолын күніне бірнеше рет жууын қадағалау.

Жөтелгенде, түшкіргенде ауыз-мұрнын жабуды үйрету.Бір-бірінің сүлгісін, шәйнегін, бөтелкесін қолданбауын бақылау.

  1. Таза ауа және бөлмені желдету
  2. Балабақша топ бөлмесін күніне бірнеше рет 10–15 минут желдету. Үнемі ылғалды тазалық жүргізу.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив