« Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» атты математика, информатика және физика пәндері апталығы
« Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» атты математика, информатика және
физика пәндері апталығы
Мектебімізде «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» атты математика, информатика, физика пәндері апталығы 12 мен 23 қаңтар аралығында өтті. Апталыққа арналған жоспар бекітіліп, 12 қаңтар күні апталықтың ашылуы өтті.
Апталықтың негізгі мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен алмасу.
Апталық төмендегідей жоспарда құрылды:
1.Апталықтың ашылуы
2.Ашық сабақтар (математика, физика, информатика)
3.Сыныптан тыс интеллектуалдық сайыс сабақтар
4. «Сөзжұмбақ шешу» байқауы, дөңгелек үстел, мерекелік іс-шара.
Математика, информатика және физика пәндері онкүндігіне 5-9 сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды.Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып, бекітілді.
Оқушылардың алған білімдерін дамыту, жеке пәндерге қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген 5-6 сынып оқушылары арасында «Жас математиктер», 5-8 сыныптар арасында «ІТ әлеміне саяхат», 8 сынып оқушылары арасында « Қызықты физика», 8-9 сынып оқушылары арасында «Ғажайып алаң» интеллектуалдық ойындары тартымды, әрі қызықты өтті.


19 қаңтар күні 7 сынып оқушыларымен физика пәнінің мүғалімі Аликулова Бейсекүл « Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңын біледі, газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіреді. Үй тапсырмасы интерактивті тақтада «Сәйкестендіру» әдісі бойынша сұралды. Жұптық тапсырма «Аквариум» әдісі арқылы өткізді. Жеке жұмыс «VR ГИД» әдісі бойынша өтті. Сабақты «Ленинг ап» бағдарламасы бойынша сәйкестендірді. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті. Сабақтың соңында «Семантикалық картамен жұмыс» есепті шығарумен жүзеге асты. Үйге тапсырма берілді, рефлексия өтті.

Қаңтардың 19 күні 7 сынып оқушыларымен Шершатова Райхан «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ұлттық құндылықтарды дарыту бойынша Жасанды интеллект арқылы оқушыларға сұрақтар қойылды. Оқушылар «Білім ағашы» әдісімен оқушылар 2 топқа бөлінді. «Принтер» әдісі арқылы үй тапсырмасы тексерілді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін «Суреттер сөйлейді» ЖИ арқылы сұрақтар қойылды. Сәйкестендіру әдісін жеке жұмыста қолданылды. Арқан тартыс әдісін топтық жұмысты ұйымдастыру мақсатында құрастырды. Функционалдық сауаттылық тапсырмалары берілді. Пликерс бағдарламасы бойынша тест алып сабақты қорытындылады. ЖИ бойынша кері байланыс оқушылардан алынды.Сабақ жақсы өтті деп бағаланды.
«Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» тақырыбындағы МИФ апталығы аясында 20 қаңтар күні информатика пәнінен 8 сыныпта «For циклі» тақырыбында Садыканова Жанерке ашық сабақ берді. Оқыту материалының мазмұны сынып ерекшелігіне сай жоспарланған. Үй тапсырмасы “Пазл» ойыны арқылы сұралды.. Топпен , жұппен жұмыстар жүргізілді. Практикалық жұмыстарды оқушылар орындады. Сабақ жақсы өтті деп бағаланды.
23 қаңтар күні «Дыбыс жазу және ойнату құрылғылары» тақырыбында 2 сыныпта информатикадан Атикова Молдір ашық сабақ өткізді. Үй тапсырмасы тексерілді. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындалды. Сабақ жақсы өтті деп бағаланды.
23 қаңтар күні апталықтың жабылу салтанаты өтті. Апталықты жабу салтанатын жаратылыстану пәндерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Р.Е. Шершатова жүргізді. Ол апталық кезінде өткен ребус, сөзжұмбақ бойынша жеңімпаз оқушыларды марапаттады және апталықты қорытындылады.












