12
апрель
2019
«Қауіпсіз интернет» әлеміне саяхат
Мәншүк Мәметова атындағы негізгі мектебінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасынан келген № 02-1462 хатына сәйкес жасалған «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясының іс-шара жоспарына сәйкес 5-7 сыныптар арасында «Қауіпсіз интернет» әлеміне саяхат тақырыптарында сынып сағаттары өтті.
Сынып сағатында 5 сынып жетекшісі А. Аманкозиева интернет қауіпсіздігі туралы мәлімет беріп, видеоролик көрсетті.
Оқушылар интернеттің пайдасы мен зияны туралы постер қорғады.



